file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Қыздар)

 Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Қыздар)

Жиырмаға жеткен қыз кәрі болар,
Өңі кетіп шырайы сары болар.
Ер елуге жетсе де айыбы жоқ,
Әр уақытта біреудің жары болар.
Қыз он беске келгенде мау тартады,
Ата менен енеге жау тартады.
Екі көзі, ел көшсе, төңіректе,
Шарасыздың күніне жүк артады.
Қыз он беске келгенде талма мойын,
Он алтыға қыздардың қылса тойын
Он алтыдан асқасын болмайды ойын.
Қыз он беске жеткенде кесте алады,
Жаман менен жақсыны еске алады.
Жиырмаға жеткенде тәйке деген,
Аюша жиған майын төске алады.
Қорқақ емей немене қашқан кісі,
Батыр емей немене шанышқан кісі.
Мың жылқылы байларың несі кейін,
Оразасын үйінен ашқан кісі?
Қонбай тастап кетерме арды кісі?
Ашулансақ кееді жарлы кісі.
Ашуланса қолынан түк келмейді,
Орайына келтірер малды кісі.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру