Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Он бес деген жасым-ай)
Он бес деген жасым-ай,
Жарға ойнаған лақтай.
Жиырма деген жасым-ай,
Көлге біткен құрақтай.
Отыз деген жасым-ай,
Таудан аққан бұлақтай.
Қырық деген жасым-ай,
Қырымға да көз салған.
Байлаулы тұрған құр аттай.
Елу деген жасым-ай.
Қайтып бір көшкен ел екен.
Алпыс деген жасыңыз,
Күзгі соққан жел екен.
Жетпіс деген жасыңыз,
Қап-қараңғы түн екен.
Сексен деген жасыңыз,
Қазулы тұрған көр екен.
Тоқсан деген жасыңда
Өлімнен басқа жоқ екен...
Жарға ойнаған лақтай.
Жиырма деген жасым-ай,
Көлге біткен құрақтай.
Отыз деген жасым-ай,
Таудан аққан бұлақтай.
Қырық деген жасым-ай,
Қырымға да көз салған.
Байлаулы тұрған құр аттай.
Елу деген жасым-ай.
Қайтып бір көшкен ел екен.
Алпыс деген жасыңыз,
Күзгі соққан жел екен.
Жетпіс деген жасыңыз,
Қап-қараңғы түн екен.
Сексен деген жасыңыз,
Қазулы тұрған көр екен.
Тоқсан деген жасыңда
Өлімнен басқа жоқ екен...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шал ақын тілеуке құлекеұлы Он бес деген жасым-ай өлең олен стихи на казахском шал акын тлеуке кулекеулы, шал ақын тілеуке құлекеұлы өлеңдері, шал акын тлеуке кулекеулы олен казакша, стихи на казахском шал акын тлеуке кулекеулы, Он бес деген жасым-ай