Бақытгүл Бабаш (Неге ауыр болды екен жолым менің?)
Неге ауыр болды екен жолым менің?
Кімнен көрем тірлікке жоғын ебім?
Жеті түнде отырмын жетімсіреп,
Сағыныштың өртеніп шоғына ерін.
Жапырақ қып тізем деп талға мұңды,
Аласартып алдым ба талғамымды?
Жерде-Сіз, аспанда-Ай ұғынар ма,
Қуануды ұмытып қалғанымды?
Жырымды оқып беретін жазылмаған,
Сізден көрі Ай жақын қазір маған.
Неге менен аяды мейірімін,
Жарылқауға басқаны әзір ғалам???
Кімнен көрем тірлікке жоғын ебім?
Жеті түнде отырмын жетімсіреп,
Сағыныштың өртеніп шоғына ерін.
Жапырақ қып тізем деп талға мұңды,
Аласартып алдым ба талғамымды?
Жерде-Сіз, аспанда-Ай ұғынар ма,
Қуануды ұмытып қалғанымды?
Жырымды оқып беретін жазылмаған,
Сізден көрі Ай жақын қазір маған.
Неге менен аяды мейірімін,
Жарылқауға басқаны әзір ғалам???
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: бақытгүл бабаш Неге ауыр болды екен жолым менің өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Неге ауыр болды екен жолым менің