Бақытгүл Бабаш (Егілген ен даланың елігі біз....)
Егілген ен даланың елігі біз.
Түнде - елес, күндіз - сағым серігіміз.
Ілеміз кірпікке әкеп жыр-періште,
Күлеміз - күрсінеді жүрек іште.
Бейдауа халімізді Ай ғана ұғар.
Шербет деп у ішеміз - қайғыны алар.
Әйтеуір шырқамады таңымыз ән,
Бір Өмір барады өтіп жанымыздан...
Тылсымын өлеңге орап сен даланың,
Мен сырын шемен қылдым шер-қаланың.
Кеудеде асыл арман аһ ұрғанда,
Шайырлар мен шаһарлар шақырғанда,
Әлияш! Қосыла алмай қанаттыға,
Қу тірлік бізді талай талатты да.
Дүние - дидарғайып, сия алмадық.
Сия алмай, жанымызды жиі алдадық.
Аласа аспанымыз, құлапты Ай да.
Әлия-я, кетейікші! Бірақ... қайда?
Түнде - елес, күндіз - сағым серігіміз.
Ілеміз кірпікке әкеп жыр-періште,
Күлеміз - күрсінеді жүрек іште.
Бейдауа халімізді Ай ғана ұғар.
Шербет деп у ішеміз - қайғыны алар.
Әйтеуір шырқамады таңымыз ән,
Бір Өмір барады өтіп жанымыздан...
Тылсымын өлеңге орап сен даланың,
Мен сырын шемен қылдым шер-қаланың.
Кеудеде асыл арман аһ ұрғанда,
Шайырлар мен шаһарлар шақырғанда,
Әлияш! Қосыла алмай қанаттыға,
Қу тірлік бізді талай талатты да.
Дүние - дидарғайып, сия алмадық.
Сия алмай, жанымызды жиі алдадық.
Аласа аспанымыз, құлапты Ай да.
Әлия-я, кетейікші! Бірақ... қайда?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: бақытгүл бабаш Егілген ен даланың елігі біз өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Егілген ен даланың елігі біз