Бақытгүл Бабаш (Дүние...)

 Бақытгүл Бабаш (Дүние...)

Сол кездер-ай, от кешкен жүрегіммен.
Елең қылмай күйерім, өртенерім.
Көңіл-сынық, бұл күнде өмір-суық.
Е, о бастан бақытым келте менің.

Енді кімге өкпелеп, кінәлайын?
(Көлеңкесін көрсетпес сірә да Айым.)
Ессіз қыздың кеше көр еркелігін,
Тағдырым, сыйды басқа сұрамайын!

Әппақ гүлі сезімнің солады ма,
Білмеймін, көземе у толады ма?
Қара түннің сүйеніп иығына,
Бір жылап алуыма болады ма?

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру