Бақытгүл Бабаш (Ақша бұлтқа...)
Ақша бұлтқа қондырып арманымды,
Тауға теңеп тәкаппар талғамымды.
Алматы, аңсарыма айналдырдың,
Өзіңде өлең өріп қалған ұлды.
Білмеймін, сол серінің серті кімде?
Елсізде жүргендеймін елтіп үнге.
Жайыққа қаламымды малып қойып,
Жыр жазып жабығамын жер түбінде.
Суықпын, сіңіп кетті ғайыпқа үнім,
Сергелдең сезіміме лайық мұңым.
Алатау, махаббаттан мән сұрама,
Сүйгенім үшін ғана айыптымын.
Жанымды қайтсем екен шерге малған,
Мерт болды-ау мұңға айналып мендегі арман.
Аласұрып іздеймін әлі күнге,
Алматы, жүрегімді сенде қалған…
Тауға теңеп тәкаппар талғамымды.
Алматы, аңсарыма айналдырдың,
Өзіңде өлең өріп қалған ұлды.
Білмеймін, сол серінің серті кімде?
Елсізде жүргендеймін елтіп үнге.
Жайыққа қаламымды малып қойып,
Жыр жазып жабығамын жер түбінде.
Суықпын, сіңіп кетті ғайыпқа үнім,
Сергелдең сезіміме лайық мұңым.
Алатау, махаббаттан мән сұрама,
Сүйгенім үшін ғана айыптымын.
Жанымды қайтсем екен шерге малған,
Мерт болды-ау мұңға айналып мендегі арман.
Аласұрып іздеймін әлі күнге,
Алматы, жүрегімді сенде қалған…
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: бақытгүл бабаш Ақша бұлтқа өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Ақша бұлтқа