file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Бақытгүл Бабаш (Тағасың ең әдемі сөздеріңді....)

 Бақытгүл Бабаш (Тағасың ең әдемі сөздеріңді....)

Тағасың ең әдемі сөздеріңді
Меруерт моншақ қылып мойыныма.
Бағы асып басқа сүйді көздеріңді.
Не істермін өмірімнің ойынына?

Жаз өтіп, күз келгенде басқа мынау,
Кезігіп, арманшыл қып тастадың ау!
Ұшамын ай аралап, күнге қонып,
Құшағым қызыл-жасыл гүлге толып...

Не етер ем көп ішінде еленбесең?
Мен үшін өмір де сен, өлең де сен.
Кептер қып жіберер ме ем жүрегімді,
Қадірлім,-Келем,-десең, -келем, - десең...

-Әйтеуір бір күні,-деп тек алдайсың.
Білемін, білемін ғой, келе алмайсың.
Кім ұқсын арамызда қамал барын,
Сен шыда, ал мен, жаным, амалдармын...

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру