Бақытгүл Бабаш (..ал ғайыпта Ақжайыққа келді күз.)

 Бақытгүл Бабаш (..ал ғайыпта Ақжайыққа келді күз.)

..ал ғайыпта Ақжайыққа келді күз.
(Соңғы күні кездесіп ек тамыздың).
Енді қашан көретінім белгісіз,
Сізді, жаны ізгім!

Шақырымдар алыстатпас араны.
Екі қала – екі бөлек тірлік те.
Самал ескен сағыныштың аралы
Бізге мекен болатынын білдік пе?

Сол аралда қызығым да, қайғым да.
Жан дертіме таба да алмас түн емін.
Бір арманы болар ма екен Айдың да?
Маған бақыт – Сізді көрген күндерім.

Елесіңе елітумен өтер күн,
Өз мұңымды өзім жалғыз көтердім.
..Ақжайыққа алтын зерлі Күз келді.
Ал мен Сізді қашан көрер екенмін???

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру