Есенбай Дүйсенбайұлы (Ән әуенімен)
«Барады көшіп ауылың Келме көлге,
Келме көл алыс дейді көрмегенге...»
Ол дағы тоқтап жатқан көлмек шығар,
Ойыма Жем түседі шөлдегенде.
Кептіріп аңызағы кенезені,
Тентек жел тепкілейтін терезені.
Құмығып құмға құлап қалушы еді,
Каспийге бір жете алмай Жем өзені.
«Арнасы - бұлақ, басы - Тең» секілді,
Тағдыры келмек көлдің Жем секілді.
Өзім де өзеніме тартсам керек,
Суым да мөлдірейді мен секілді.
Қанатын қыстан кейін құс қақпаған,
Күркірі күндік жерді пұшпақтаған...
Бәрібір Каспийіне жетпейді Жем,
Абайға жете алмайтын ұқсап маған!
Келме көл алыс дейді көрмегенге...»
Ол дағы тоқтап жатқан көлмек шығар,
Ойыма Жем түседі шөлдегенде.
Кептіріп аңызағы кенезені,
Тентек жел тепкілейтін терезені.
Құмығып құмға құлап қалушы еді,
Каспийге бір жете алмай Жем өзені.
«Арнасы - бұлақ, басы - Тең» секілді,
Тағдыры келмек көлдің Жем секілді.
Өзім де өзеніме тартсам керек,
Суым да мөлдірейді мен секілді.
Қанатын қыстан кейін құс қақпаған,
Күркірі күндік жерді пұшпақтаған...
Бәрібір Каспийіне жетпейді Жем,
Абайға жете алмайтын ұқсап маған!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: есенбай дүйсенбайұлы Ән әуенімен өлең олен стихи на казахском языке есенбай дуйсенбаев, есенбай дүйсенбайұлы өлеңдері қазақша, есенбай дуйсенбаев казакша олендери, стихи на казахском языке есенбай дуйсенбаев, Ән әуенімен