file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ғафу Қайырбеков ("Кітапхана" журналына)

 Ғафу Қайырбеков ("Кітапхана" журналына)

Сәлем, саған - сағындырған жас перзент!
Сен қарыштап туа салып, өс, ержет!
Бүкіл қазақ кең даласын арала,
Малшылармен тауға шығып, төске өрлеп!
Егіншілер, балықшылар, кеншілер,
Оқыр сені, өз мүлкіндей еншілер.
Жарқылдашы сен жастардың қолында,
"Кел білімнің шарайнасы, келші",- дер.
Солар ертең болашақтың тірегі -
Өз ұлтымен бірге соққан жүрегі.
Біз мемлекет бола алмаймыз білімсіз,
Білім ғана - бар құрылыстың сүйегі.
Білім ғана - өркендеудің ақ жолы,
Содан ғана елдігіңнің бар, жоғы.
Көрінеді көлденеңнің көзіне,
Осы бастан келешекке қамда оны!
"Кітапхана" - атың сенің тым ыстық,
Жаңа таңда жарқыраған күміс шық,
Секілденіп жанымызға нұр тамыз,
Сен құстай боп көзімізде жүр ұшып.
Сені Абайдың аруағы жебесін,
Сені Ыбырай ықыласы демесін,
Сен айналып шағаладай шарықта
Біздің жаңа ғылым, білім кемесін!
Енді алдыңда айдай анық жол жатар,
Сен арқылы ел сәлемін жолдатар!
Сен жасай бер, жақсылықтың жаршысы,
Саған бүгін мен тілеймін оң сапар!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру