Иса Байзақов (Сегіз жаста ұлы октябрь)
Жаудың қанын судай шашқан күн.
Қара пейіл арам жұрттар жеңіліп,
Езілгендер қуанып үн қосқан күн.
Тұтқындағы өзгерістің ұлдары,
He заманғы бұғауларын шешкен күн.
Қызыл әскер тасты жүндей қопарып,
Жаңа дүние жайлауына көшкен күн.
Адамзатты құлданатын байлардың
Патшасына жайдың оғы түскен күн.
Неше жүз жыл дүниені шіріткен,
Шен құмардың ішегін алмас кескен күн.
Неше мың жыл көкке өрлеген қиянат,
Еңбекшілдің табанына түскен күн.
Еркек, әйел, жетім, жесір, аруға -
Бостандықтың жас егіні піскен күн.
Бүгінгі күн барлық күнге тұрған күн,
Ұлы Октябрь сегіз жасқа толған күн.
Езілгендер ұрандасып той тойлап,
Жауыздардың қол-аяғын буған күн.
Қара пейіл арам жұрттар жеңіліп,
Езілгендер қуанып үн қосқан күн.
Тұтқындағы өзгерістің ұлдары,
He заманғы бұғауларын шешкен күн.
Қызыл әскер тасты жүндей қопарып,
Жаңа дүние жайлауына көшкен күн.
Адамзатты құлданатын байлардың
Патшасына жайдың оғы түскен күн.
Неше жүз жыл дүниені шіріткен,
Шен құмардың ішегін алмас кескен күн.
Неше мың жыл көкке өрлеген қиянат,
Еңбекшілдің табанына түскен күн.
Еркек, әйел, жетім, жесір, аруға -
Бостандықтың жас егіні піскен күн.
Бүгінгі күн барлық күнге тұрған күн,
Ұлы Октябрь сегіз жасқа толған күн.
Езілгендер ұрандасып той тойлап,
Жауыздардың қол-аяғын буған күн.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: иса байзаков Сегіз жаста ұлы октябрь туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Сегіз жаста ұлы октябрь