file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Иса Байзақов (Даналығың өлмейді)

 Иса Байзақов (Даналығың өлмейді)

Өлеңнен бұлақ ағызған,
Түрінен тұр туғызған,
Ақыннан-ақын Абайға,
Ұлы халқың ардақтап,
Тарихи белгі тұр сақтап,
Мың сан жылға, талайға.
Даналығың өлмейді,
Өлуге жол бермейді.
Халқың үшін қалдырған,
Адам мейірін қандырған,
Інжумен егіз сөздерің,
Бірі қымбат бірінен,
Алтын мен зүфар зерінен,
Өлеңмен салған іздерің.
Іші-сырты, сыны бал
Сыры терең, тілі бай.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру