file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Салтанат Қожа (Азаттық)

 Салтанат Қожа (Азаттық)

Азаттықтың арайлы жаңа таңында,
Бір құдірет тулайды дара қаңымда.
Қазақ деген өр рухты қайсар халық қой,
Тағдырының жазуы алақанында.

Тарихымыз бар еске алар кеткендерінде.
Тәуелсіздік бұл – талайдың төккен терінде.
Алтындай боп жарқырар егемендігім,
Ауылдағы диқаншы кетпендерінде.

Шөл – ғасыр аналарымды шөлдеткенінде,
Баһадүрлер бұлқынған жөргектерінде.
Тәуелсіздіктің жазуы өріліп жатыр,
Әжелердің тоқылған өрмектерінде.

Жылдан-жылға көркейіп түлеп тірлігің,
Өмір кешем жұртымның тілеп бірлігін.
Қайсар рухты қазаққа ұқсатам кейде,
Жолбарыстың жұлқынған жүректілігін.

Тайғақ кешу тар жолдар тоқырады да,
Бейбіт күндер! Нұр төкті атырабыма.
Қадірімді қабірім басқанға дейін,
Тағзым етер жүрегім топырағыңа...

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Нұрхадиша
    Нұрхадиша 16.02.2021 17:48
    0 + 0 -
    менің пікірім өте тамаша мен жақсы деймін мен бұлай өлең шығара алмаспын осы қалпыңыздан таймаңыз танымал ақын боларсыз деп ойлаймын өнеріңіз өрге жүзсін, қазір өнерлі адамдар аз..Танымал ақын болуымызға тілектеспін
    ????