Сырбай Мәуленов (Сенбісің)
Кезімде әлім кетіп қансыраған,
Сенбісің қасыма кеп хал сұраған.
Мен үшін қайғы шегіп өңің қашып,
Көзіңнен ыстық жастар тамшылаған.
Сенбісің қолыңды сап маңдайыма,
Бір жұтым су тамызған таңдайыма,
Басыма жастық қойып, бәйек болып
Қараған күндіз-түні хал-жайыма.
Сенбісің ұзақ түнде серік болған,
Жүрегің мейірбанды нұрға толған.
Өзіңе он есе етіп қайтарар ем,
Дариға, жақсылығың келсе, қолдан.
Сенбісің қасыма кеп хал сұраған.
Мен үшін қайғы шегіп өңің қашып,
Көзіңнен ыстық жастар тамшылаған.
Сенбісің қолыңды сап маңдайыма,
Бір жұтым су тамызған таңдайыма,
Басыма жастық қойып, бәйек болып
Қараған күндіз-түні хал-жайыма.
Сенбісің ұзақ түнде серік болған,
Жүрегің мейірбанды нұрға толған.
Өзіңе он есе етіп қайтарар ем,
Дариға, жақсылығың келсе, қолдан.
1943.Госпиталь
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сырбай мауленов Сенбісің өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Сенбісің