Сырбай Мәуленов (Санитарка)
Менімен бір кірпік қақпай,
Түндер бойы көз ілмедің.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің,
Шіркін қандай төзімді едің.
Өрт ішінен алып шықтың,
Қансырап мен жатыр едім.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің
Шіркін қандай батыр едің.
Сен болмасаң жолда қалып,
Жастанар ем бір төбені.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің,
Жаның қандай үлкен еді.
Түндер бойы көз ілмедің.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің,
Шіркін қандай төзімді едің.
Өрт ішінен алып шықтың,
Қансырап мен жатыр едім.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің
Шіркін қандай батыр едің.
Сен болмасаң жолда қалып,
Жастанар ем бір төбені.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің,
Жаның қандай үлкен еді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сырбай мауленов Санитарка өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Санитарка