Тұманбай Молдағалиев (Махамбет)
Екі жүз жыл. Сен туғалы, Махамбет,
Екі жүз жыл жұлдыздарға ұмтылғалы, Махамбет.
Дұшпаның да, зымыраған жылдар да
Келмеді ғой сені мәңгі құртуға әлі, Махамбет.
Сен жыл сайын биіктедің, асқақтадың, Махамбет.
Жамандықтың жармасатын жасқап бәрін, Махамбет.
Көтерілдің биігіне даңқтың да абыройдың,
Өр өзен боп кең далада босқа ақпадың, Махамбет,
Жырларыңды бала кезде жатқа айтып ем, Махамбет.
Жігітімде жігіттерге мақтайтын ем, Махамбет
Ақындық та ұлы майдан, бір майданда жеңілсем,
Келесі бір жеңістерге баптайтын ең, Махамбет.
Сенше кетсек, бұл дүниеге сенше келіп, Махамбет,
Халық деген ұлы анадан емшек еміп, Махамбет.
Ақындық пен батырлықтың туын бірдей көтеріп,-
Санамызда от боп жандың өршеленіп, Махамбет.
Сен тірісің әлі күнге, сен өлмедің, Махамбет,
Шың, асуда атың тайып бөгелмедің, Махамбет.
Ақындықтың хас батырлық екендігін, ендеше.
Өміріңмен өзің кешкен дәлелдедің, Махамбет.
Ел жадында мәңгі бақи есен ерсің, Махамбет,
Саған деген ел пейілі еселенсін, Махамбет.
Дәл өзіндей атқа мініп, дәл өзіндей жыр толғап,
Келетұғын ұрпақтарың өсе берсін, Махамбет!

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: туманбай молдагалиев Махамбет стихи на казахском языке казакша олен молдағалиев тұманбай өлеңдері, тұманбай молдағалиев өлеңдері әдеби әлем, туманбай молдагалиев олендери создери, туманбай молдагалиев стихи на казахском языке, туманбай молдагалиев казакша олендери, Махамбет, махамбет туралы өлең, махамбет ози туралы олендер, махамбет туралы олендер