Тұманбай Молдағалиев (Сәуір келгенде)
Сәуір күні жаңбырлы ма, желді ме,
Қабағынан шуақ шашты келді де,
Алты ай қыста үйден шықпай отырған
Атама өзі жұмыс тауып берді де.
Бақ ішіне ертіп барды атамды,
Атам күннен таусылмайтын от алды.
Ауламызға егіп жатыр алма ағаш,
Алмаға бір тойдырам деп ботамды.
Ботасы мен алмаға бір тоймайтын,
Іші пысса, күшігімен ойнайтын,
Кәмпит те бар, өрік те көп, алма көп,
Атам бар да менің қамымды ойлайтын.
Өзі ақылшы, өзі қамқор, өзі бек,
Ботасына үйрететін сөзі көп.
Атам еккен ағаштарға су құйдым,
Жемістерін берсе екен деп тезірек.
Қабағынан шуақ шашты келді де,
Алты ай қыста үйден шықпай отырған
Атама өзі жұмыс тауып берді де.
Бақ ішіне ертіп барды атамды,
Атам күннен таусылмайтын от алды.
Ауламызға егіп жатыр алма ағаш,
Алмаға бір тойдырам деп ботамды.
Ботасы мен алмаға бір тоймайтын,
Іші пысса, күшігімен ойнайтын,
Кәмпит те бар, өрік те көп, алма көп,
Атам бар да менің қамымды ойлайтын.
Өзі ақылшы, өзі қамқор, өзі бек,
Ботасына үйрететін сөзі көп.
Атам еккен ағаштарға су құйдым,
Жемістерін берсе екен деп тезірек.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: туманбай молдагалиев Сәуір келгенде стихи на казахском языке казакша олен молдағалиев тұманбай өлеңдері, тұманбай молдағалиев өлеңдері әдеби әлем, туманбай молдагалиев олендери создери, туманбай молдагалиев стихи на казахском языке, туманбай молдагалиев казакша олендери, Сәуір келгенде