Ақсұңқарұлы Серік (Аз ғана керек адамға)
(Роберт Рождественский)
Аз ғана керек Адамға
Іздесін,
Тапсын
Жол – сыншы:
Жалғыз дос керек,
Ғаламда
Жауы да жалғыз болсыншы...
Тыныштық болсын ғаламда.
Бір – Өмір керек!
Бір – Өлім.
Газеттер керек ғаламға
Рухын шыңдар ұл-қызым.
Жер-Ана керек Адамға.
Өзіңе – басқа жұлдызың...
Жол керек жұлдыз аралық
Көретін бергі, арғыны.
Бәрі де мұның – балалық,
Бос сөз ғой – мұның барлығы!
Аз ғана керек Адамға:
Арбама, алтын тағынып,
Мәртебе ме екен сол дағы?
Сарғайып үйде, сағынып
Бір Адам күтсе – болғаны!
* * * * *
Көп өкпем қалды ішімде көпке жетпей,
Құс екеш – құс та қоймас өкпелетпей.
-- Көгершін!
Көкаршын ғой сенің ныспың,
Жүрсіңдер мұнда нәғып, көкке кетпей?!
Көктегі шеруменен шерге қанып,
Қанатты сендерге ұш деп бергені анық.
Аспанның алапатын көзбен көрмей,
Жүрсіңдер лағып неге жерде қалып?
Аулада жүрсің көкті алаң көрмей,
Ең құрса дауыл түгіл, самалға ермей.
... Не дейін құса қылған құдайға мен,
Қанатты саған берген – маған бермей...
Іздесін,
Тапсын
Жол – сыншы:
Жалғыз дос керек,
Ғаламда
Жауы да жалғыз болсыншы...
Тыныштық болсын ғаламда.
Бір – Өмір керек!
Бір – Өлім.
Газеттер керек ғаламға
Рухын шыңдар ұл-қызым.
Жер-Ана керек Адамға.
Өзіңе – басқа жұлдызың...
Жол керек жұлдыз аралық
Көретін бергі, арғыны.
Бәрі де мұның – балалық,
Бос сөз ғой – мұның барлығы!
Аз ғана керек Адамға:
Арбама, алтын тағынып,
Мәртебе ме екен сол дағы?
Сарғайып үйде, сағынып
Бір Адам күтсе – болғаны!
* * * * *
Көп өкпем қалды ішімде көпке жетпей,
Құс екеш – құс та қоймас өкпелетпей.
-- Көгершін!
Көкаршын ғой сенің ныспың,
Жүрсіңдер мұнда нәғып, көкке кетпей?!
Көктегі шеруменен шерге қанып,
Қанатты сендерге ұш деп бергені анық.
Аспанның алапатын көзбен көрмей,
Жүрсіңдер лағып неге жерде қалып?
Аулада жүрсің көкті алаң көрмей,
Ең құрса дауыл түгіл, самалға ермей.
... Не дейін құса қылған құдайға мен,
Қанатты саған берген – маған бермей...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: серик аксункарулы Аз ғана керек адамға стихи на казахском языке серік ақсұңқарұлы олен өлең, серік ақсұңқарұлы өлеңдері, серік ақсұңқарұлының өлеңдер жинағы, стихи на казахском языке серик аксункарулы, серик аксункарулы олени өлең, Аз ғана керек адамға