Кенен Әзірбаев (Он алтыншы жыл)

 Кенен Әзірбаев (Он алтыншы жыл)

Айтайын ауырлықты елге келген,
Жөн болмас ол бір кезді елемеген,
Қазақтар қарсы пзауып «ақ патшаға»,
Қан ағып, ел қырылған жыл дүрбелең.
Жиналды би мен болыс Алматыға,
Қоршатты жүртты патша солдатына,
Жалаңаш қылыш ойнатып ел үстіне,
Қорқытпақ. қарайлатпай алды-артына.
Жарлық қып жандарал мен губернатор,
Ояз да өз өмірін беріп жатыр.
Өнімдеп би, болысқа мөр бастырып,
Ер-азамат тізімін теріп жатыр.
Бас тартты қырғыз, қазақ, көнбеймін деп,
Баламыз бір кеткен соң көрмейміз деп,
Билер менен болысты өлтіреміз,
Тірі боп баламызды бермейміз деп.
Жаратып бір-бір атты мініп алып,
Таңымға бір-бір шоқпар іліп алып,
Ат қойды бет-бетімен көп бұқара,
Азығын белбеуіне түйіп алып.
Қорқытып би, болысты айдап алып,
Көндірді жүрмегенін байлап алып.
Қалың ел қан майданға буды белін,
Қолдағы жарақтарды сайлап алып.
Бүл істі ең алдымен Әли бастар,
Артынан ілеседі кілең жастар.
Ыстыдан бес жүз қолмен Мақсұт келді,
Шуылдап көп бүқара бәрі қопггар.
Ат қойды Көлқамысқа үш мың кісі,
Патшаның солдаты екен тамның іші.
Мылтықпен қалың елге оң жаудырды,
Ойсырап кейін қапгты топтың күші.
Балқаппъщ қаштық үркіп тесігіне,
Айдаса кім бармайды несібіне.
Тігулі үй, қоралы мал босқа қалды,
Жолығып жауыздардың кесіріне.
Бастаған батырлардың бәрін қырды.
Ұстатпай кейбіреуі қашып жүрді.
Сұм патша тоз-тоз қылып есіл елді,
Талай қыршьш өмірді текке қиды.
Қарсы боп «аң патшаға» Қанат шықты,
Би, болысты дүрелеп сабап шықты.
Ақыры оны да үстап патшашыл топ,
Істеді жан көрмеген зұлымдықты.
Халықты қырды аяусыз жауыз патша,
Бұл сөзім жалған емес алақашпа.
Қырық-отыз кедейді Көлқамыста,
Аттырды таңып қойып бір ағапща.
Қамады талай елді түрмесіне,
Қалған жұрты зар болды тілдесуге.
Ленин бір жылдан соң ұран тастап,
Шақырды жауға қарсы күресуге.
Басына «ақ патшаның» ажал төнді,
Болыпевик Николайды мәңгі жеңді.
Патша оққа байлаған ел бақытын
Өмір-бақи құтқарды Ленин енді.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру