Қалижан Бекхожин (Днепрде)
Тулай ағып тынымсыз,
Дүрілдеген днепр.
Жағасында сұлу қыз
Жыламсырап неге тұр?
Алып қашып келеді
Қайықты бос толқындар.
Қайырғаны сол еді
Келмеген соң қайтып жар.
Қалды ма екен толқында
Аударылып қайықтан?...
Әлде жары тағы да
Келер ме екен ғайыптан.
Ағып жатыр днепр
Толқындатып үмітті
Көрінер деп көзге бір
Қарап жарын қыз күтті...
Дүрілдеген днепр.
Жағасында сұлу қыз
Жыламсырап неге тұр?
Алып қашып келеді
Қайықты бос толқындар.
Қайырғаны сол еді
Келмеген соң қайтып жар.
Қалды ма екен толқында
Аударылып қайықтан?...
Әлде жары тағы да
Келер ме екен ғайыптан.
Ағып жатыр днепр
Толқындатып үмітті
Көрінер деп көзге бір
Қарап жарын қыз күтті...
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қалижан бекқожин днепрде өлең олен стихи на казахском языке калижан бекхожин, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан бекхожин олендери, стихи на казахском языке калижан бекхожин, днепрде