Қазақша балалар өлеңі: Ойыншықтар

Қазақша балалар өлеңі: Ойыншықтар

Сөзі Н.Әлімқұловтікі
Әні И.Нүсіпбаевтікі

Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.

Қуыршақтар ұйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Ал, қозы мен қуыршақ,
Ұйықта десең ұқпайды.

Тыңдамайды ұрысса,
Осылары дұрыс па?!
Тентектігін тыймаса,
Тұрғызармын бұрышқа.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Амина
    Оқырман Амина 12.11.2022 21:26
    0 + 0 -
    Мен біздерде бар қуыршақ деген інде өте қатты жақсы көрем