Қазақша балалар өлеңі: Кеш жарық
Сөзі Ә. Асылбековтікі
Әні А. Қоразбаевтікі
Әні А. Қоразбаевтікі
Кел балақай, кеш жарық!
Келіп жүрме кеш қалып.
«Кеш жарықтан» бастайық,
Көп қызықты еске алып.
Қайырмасы:
Көңілдерге қонып нұр,
Кешкі мезгіл болып тұр.
Кеңейеді ой-сана,
«Кеш жарықты» көріп тұр.
Кеш жарықты көресің,
Қуанышқа енесің.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылыққа ересің.
Қайырмасы:
Құлақ түре қалдың ба?
Қызығына қандың ба?
Мультфильмдер мың түрлі,
Ертегілер — алдыңда.
Келіп жүрме кеш қалып.
«Кеш жарықтан» бастайық,
Көп қызықты еске алып.
Қайырмасы:
Көңілдерге қонып нұр,
Кешкі мезгіл болып тұр.
Кеңейеді ой-сана,
«Кеш жарықты» көріп тұр.
Кеш жарықты көресің,
Қуанышқа енесің.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылыққа ересің.
Қайырмасы:
Құлақ түре қалдың ба?
Қызығына қандың ба?
Мультфильмдер мың түрлі,
Ертегілер — алдыңда.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақша балалар өлеңі, қазақша балалар әндері тегін жүктеу, казакша балалар андери, казакша олендер балаларга арналган, стихи для детей на казахском языке, Қазақша балалар өлеңі: Кеш жарық