Ерлан Сәдуақасұлы (Сүйіктіме)

 Ерлан Сәдуақасұлы (Сүйіктіме)

Маған да бақыт бiр келер!
Көргенде жаhұт бақшасын!
Көңiлсiз дүние бүркенер,
Жүрегiм сені тапқасын!
Өзiң деп шабыт жыр төгер,
Жыр төксе калай тоқтасын,
Өзiңсiз сезiм мұң себер,
Жаралап Жүрек тақтасын!
Сен болсаң күнiм Нұр төгер,
Жылудың қайтем басқасын ?!
Сезiммен сүйсем кiм сенер?
Көңiлдi күдiк басқасын!
Мазасыз жүрген бiр сен ең,
Жаныңды уайым баспасын!
Жаныма сен деп гүл себем,
Сыйлаймын сол гүл бақшасын!
Бақытты болсам сенімен,
Жанардан тамар от жасым!
Содан соң мейлі жүрегім,
Соқпасын, мейлі, тоқтасын!

***

Көздерің мөлдір еді
Еріксіз жауладың сен.
Жанарым елжіреді
Жаным сен ойға кірсең.
Көрінсін тылсым елес,
Мен сені ұмытпадым.
Ұмыту мүмкін емес
Өзіңді ұмытқаным!
Өзіңді ұмытқаным
Өзімді ұмытқаным!
Жаралы жүрегімді
Жұбатып, жылыт жаным.
Сезімім шертеді жыр
Ашылып жан сарайым.
Асылым сені күнім,
Мен қалай аңсамайын?!
Жаныма жылу қонбас
Сен кетсең ерке гүлім.
Өзіңдей сұлу болмас
Сұлуы ертегінің!
Сағынып сені іздеймін
Аяулым ақсамайлым.
Сенімен егіздеймін
Өзгені аңсамайтын.
Мендегі пәк сезімім
Тек саған тұрақтады!
Қайдасың қайдасың сен
Хор қызы жұмақтағы...

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру