Сағыныш Намазшамова (Күлкіде де бар күрсініс...)
Бір күндік өлең жазбауым керек,
Азабы оның аз ба ауыр?!
Нәзира-күннің наздары бөлек,
Маң басса бұлттар қазбауыр.
Жаныңа келіп жайғасып алса
Хафиздер төккен ғазалдар,
Мың жерден мұқым айласы болсын,
Адасады әлі ажалдар.
Шарапқа толы шайқалып көзе,
Шалқыса сол күн шайырлар,
Шалдығып тұрып «қайталық» деме,
Түбінде оның қайыр бар.
Күндерді бастан кештің бе жарқын,
Күлкіде де бар күрсініс.
Дабырсыз мүлгіп кеттің бе, бәлкім,
Дүние дейтін сілкініс.
Шіркеуден емес, шірнеуіштерден
Қоңырау үнін тауып кел.
Көресің сонда, жыр теуіп іштен
Бебеулеп шығар бәйіттер.
Шатыр да шұтыр шытынай алмай,
Жатқызам сөздің тігісін.
Түбімді танып, тұшына да алмай,
Шатасып жүрмін, Шығысым.
Азабы оның аз ба ауыр?!
Нәзира-күннің наздары бөлек,
Маң басса бұлттар қазбауыр.
Жаныңа келіп жайғасып алса
Хафиздер төккен ғазалдар,
Мың жерден мұқым айласы болсын,
Адасады әлі ажалдар.
Шарапқа толы шайқалып көзе,
Шалқыса сол күн шайырлар,
Шалдығып тұрып «қайталық» деме,
Түбінде оның қайыр бар.
Күндерді бастан кештің бе жарқын,
Күлкіде де бар күрсініс.
Дабырсыз мүлгіп кеттің бе, бәлкім,
Дүние дейтін сілкініс.
Шіркеуден емес, шірнеуіштерден
Қоңырау үнін тауып кел.
Көресің сонда, жыр теуіп іштен
Бебеулеп шығар бәйіттер.
Шатыр да шұтыр шытынай алмай,
Жатқызам сөздің тігісін.
Түбімді танып, тұшына да алмай,
Шатасып жүрмін, Шығысым.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Сағыныш Намазшамова Күлкіде де бар күрсініс... өлең олен Сагыныш Намазшамова стихи на казахском, Сағыныш Намазшамова өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер