file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жұлдыздарға қалайша жыр жазбаймын?!

 Жұлдыздарға қалайша жыр жазбаймын?!

Кең байтақ, берекелі қазақ елі,
Думанды ел, айбынды ел,ғажап елі.
Сәпиев пен Ниязымбетовтай ұлдары бар,
Азатты ел, бақытты ел, қазақ елі.

Басқа елдің көгінде желбіреген,
Көк байрақ туымызды көріп көктен,
Көздеріне жас алды барша қазақ.
Ұлдары ғой қазағымның жүрегін елжіреткен.

Жерлесіміз Әділбек ағамызға,
Құр сөзбен мақтау айтып жатамыз ба?
Одан да шумақтатып өлең жазып,
Мақтайын Әділбекті барша жұртқа.

Күміспенен оралды туған елге,
Жетістігі көп оның жаза берсе.
Еліміздің даңқын көкке көтерген,
Мың алғыс Ниязымбетов Әділбекке.

Осындай қазақтың ұл-қыздарын,
Еліме еңбегі сіңген жұлдыздарын,
Мен өзім ақындыққа жақын болса,
Жұлдыздарға қалайша жыр жазбаймын?

Автор: Saltanat Maratkyzy, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру