Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Көктем)
Болмаса да сондайлық орындар түк,
Ерте тұрғам (төлдегі тәлім-тәртіп).
Қаңқылдаған әуеде сары ала қаз
Бара жатқан секілді горн тартып.
Иірілер шаруаның ұршығы – мен,
Бұл науқанға әу баста құлшынып ем.
Қошақандар тойып ап, балықтардай,
Балтырымды түртеді тұмсығымен,
Батыста – мал маңыраған, Шығыста – мал,
Қарап тұрып көңілің тынышталар.
Иін әбден қандырып илеуінің,
Ширатысқан мұрттарын құмырсқалар.
Мұңның мені мүмкін бе иектері?
Мұндай болса қоймайды күй өтпелі!
Құшағына қыз – самал енген сайын,
Балқи түскен таулардың сүйектері.
Айналаны алғанша ымырт қамап,
Гүлдеп жатқан кең дала түлікке бап.
Қалпағыңа шешсең-ақ, бұл маусымның
Үлгереді торғайы жұмыртқалап.
Ерте тұрғам (төлдегі тәлім-тәртіп).
Қаңқылдаған әуеде сары ала қаз
Бара жатқан секілді горн тартып.
Иірілер шаруаның ұршығы – мен,
Бұл науқанға әу баста құлшынып ем.
Қошақандар тойып ап, балықтардай,
Балтырымды түртеді тұмсығымен,
Батыста – мал маңыраған, Шығыста – мал,
Қарап тұрып көңілің тынышталар.
Иін әбден қандырып илеуінің,
Ширатысқан мұрттарын құмырсқалар.
Мұңның мені мүмкін бе иектері?
Мұндай болса қоймайды күй өтпелі!
Құшағына қыз – самал енген сайын,
Балқи түскен таулардың сүйектері.
Айналаны алғанша ымырт қамап,
Гүлдеп жатқан кең дала түлікке бап.
Қалпағыңа шешсең-ақ, бұл маусымның
Үлгереді торғайы жұмыртқалап.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: стихи на казахском языке про весну, коктем туралы олен шумактар, көктем туралы өлеңдер, Көктем туралы өлең қазақша, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Көктем өлең олен Тыныштыкбек абдикакимов стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно