Нұрболат Жолдасбек (Шаңырақ)

 Нұрболат Жолдасбек (Шаңырақ)

Жыр оқуға кеп тұр ма?
...жылатуға,
Сыр ашудан жалықтым мына қырға.
Жел,жарықтық,жаныма жақынырақ,
Ол да жақын жақынын жұбатуға.

Сыйпайды өзі маңдайын ана қырдың,
Астында оның ана өзен қанатының.
Жапырақты құлаған тербетеді
Сан тағдырды тербетіп баратырмын.

Таң атырдым,батырдым, есейгенмін,
Шешейді емдім,күн арта төселгенмін.
Жоғалуын көргенмін ғасырлардың,
Асылдарды көргенмін есі өлген күн.

Ақ дидарын ананың шаң ұрады,
Шаңырағы О,неге қаңырады?
Алақаны тілініп,кесілгенмен
Жесір жеңгем ұстап тұр шаңырағын.

Шаңырағы өртеніп кеткен кеше,
Кектенбесе қайтеді-ей жек көрмесе?
Бұлттардың үстіне тұрып қалдым,
Өшірем деп егерде көп көнбесе.

Бақылап тұр тұр бәрінде атырап,тау,
Бау – бақшалар,өзендер,топырақ,тал.
Жел ғана сол жаныма жақынырақ
Ол да мендей қаңғыбас,ақымақтау.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру