Таныстыру | Алтын күз (Ұл бала мен қыз бала)

 Таныстыру | Алтын күз (Ұл бала мен қыз бала)

Қыз бала: Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,
Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.
Аман – есен жүрмісіздер жалпыңыз.
Армысыздар, жиылған жұрт халқымыз

Ұл бала. Аманбысың ағайын құрбы құрдас.
Тілегі бір замандас ізгі сырлас
Кезекті берейік танысуға
Біз келдік ЭЕТ-дан сайысуға

Ұл бала: Қасымда жұбым бар Шолпан атты
Сұлу да сымбатты, инабатты
Ортаға қол ұстасып шыққан кезде
Талай адам тамсанып таңдай қақты

Ұл бала: Жүзіңде күннің нұры ұялаған
Мұндай жан жер бетінде туылмаған
Көркіңде тұрар мәңгі арай шашып
Танысыңдар міне Шолпан осындай жан

Қыз бала: Бектас тұр жанымда жарқыраған
Жүрегі ақ көңіл аңқылдаған
Армандап талай жандар бір көруге
Аңсау менен түндерді таңды атырған

Қыз-ұл бала: Ортаға қол ұстасып біз шығайық
Өмірдің шапағатын біз құрайық
Көрсетіп өнерлерді барша жұртқа
Иемденіп бас жүлдені біз алайық

Ай секілді өзі де,
Сыңғыр,сыңғыр сөзі де.
Томирис деген арудың,
Әдемі ғой көзі де.

Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген Елдос.

Үлкендерді сыйлайды,
Сабағынан қалмайды.
Аиша қыз сіздерге,
Ән мен жырын арнайды.

Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей Нурали

Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын.
Камила кейде қырсықса,
Түйіп алар қабағын.

Сыйлаған ата - анасын
Үлкеннің алған батасын
Ғарышкер болу арманы.Әмирді шақырсақ болғаны

Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген.
Ата-анасы Руфинаға,
Әдемі есім теңгерген.

Қуантады білімімен бізді Нұрым
Қарсы алайық,қол соғып Нұрымды біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз

Қуантады біліммен,бізді ол қыз,
Қол соғып қарсы алайық Дилназды біз.
Талабыңа білімің серік болсын.
Бүгінгі тілегіміз қабыл болсын.

Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Руслан
Көрінген күштің басынын

Келесі ару Айзере,
Барлық пәнді меңгерген.
Анасы мен әкесінің
Ибалы қызы ол бүгін.
Ақынның тұяғымын сартылдаған
Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан Ерасыл

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. алтын күзге таныстыру
    7 + 8 -
    4) Алтын күздің байқауына

    Сәлем бердім баршаңызға ағайын,
    Алдарыңда шамнан шырақ жағайын.
    Алтын күздің байқауына мен де келдім,
    Тауып менде бүгін сөздің орайын.

    Орта жүзбін, көзінде нұр ойнайтын,
    Көңілінде ән менен жыр ойнайтын.
    Ержанқызы Арайлым мен боламын,
    Шад шадыман көңілі ортаймайтын.

    Айғанымдай ананың мен қызымын,
    Отбасымның қуанышы, жұлдызымын.
    Сыйластықтан танбайтын ешқашанда,
    Баға жетпес ерекше құндызымын.

    Алтын күзгі байқау бұл қуандырар,
    Өнерлілер ортада бақ сынайтын.
    Аруларым сәттілік сендерге тек,
    Бақ тілемін ешқашан құртылмайтын!
    Жібек Искакова

    5) Байқауға таныстыру «Алтын күз»

    Армысыздар ағайын, замандастар,
    Қуанышпен, шаттықпен қадам бастар.
    Баршаңызға иіліп сәлем бердім,
    Бірінші сөзді қашанда сәлем бастар.

    «Алтын күз» байқауына мен де келдім,
    Тәнті етуге баршаны өнеріммен.
    Кіші жүздің қызымын мейірімді,
    Биіктерге жететін жігеріммен.

    Мұратқызы Алтынай мен боламын,
    Толған айдай құлпырып мен толамын.
    Айданадай анам бар мейірімді,
    Біздер үшін жасайтын бар амалын.

    Жайма шуақ жаздайын көңілім бұл,
    Қуантады, шаттандырып өмірім бұл.
    Алтын күздің байқауына тек сәттілік,
    Ақталсын деп тілеймін сенімің бұл.
    Жібек Искакова
  2. алтын күз таныстыру
    10 + 6 -
    1) Таныстыру, алтын күзге
    .
    Армысыздар ағайын, бармысыздар,
    Өнер сүйер ғажайып жанбысыздар.
    Мен де келдім байқауға қатысуға,
    Үміткерлер ретінде бағын сынар.

    Орта жүздің қызымын, жұлдызымын,
    Солтүстікте туылған құндызымын.
    Өнер десе ішкен асын жерге қояр,
    Қазағымның ерекше бір қызымын.

    Ардаққызы Аяулым мен боламын,
    Бұл байқауда құлыпырып, жайқаламын.
    Анашым бар демейтін аты Айжан,
    Ең мейрімді анам, сұлу деп айта аламын.

    Алтын күздің есігін аштық міне,
    Сары айналам, алтындай көз тартатын.
    Күз аруы, біздерді қабыл алшы,
    Арулармыз құлпырып үн қататын...

    Баршаңызға сәттілік серік болсын,
    Байқауымыз бүгінгі қызық болып.
    Алтын күздің алтындай арулары,
    Жайнаңыздар, жадырап үздік болып....
    Жібек Искакова


    2) Күз аруы байқауына

    Армысыздар, иіліп сәлем бердім,
    Бұл байқауға қатысуға мен де келдім.
    Ұлы жүздің ақ жарқын қызы болам,
    Бірі болып келген бұл үміткердің.

    Туып өстім Шығыста, атым Арай,
    Арманқызы мен болам ашық-жарқын.
    Алтын күздің байқауына келіп тұрмын,
    Ұстанып ұмытылмас қазақ салтын.

    Салтанаттай ананың қызы болам,
    Қазақи тәрбиемен сусындаған.
    Ән жырыңның шырқалар үні болам,
    Ел алдында ұялып, қымсынбаған.

    Алтын күздің байқауы тербеп жанды,
    Аруларға қосады жігер, қуат.
    Өнерлілер ішінде ең мықтысы,
    Жеңсін деймін алайда бүгін бірақ.
    Жібек Искакова

    3) Күз аруы, қыз аруы (байқау)

    Сәлем бердім баршаңызға ағайын,
    Алдарыңда үміт отын жағайын.
    Кіші жүздің қызымын қарапайым,
    Қуанышпен қарсы алар таң арайын.

    Алматы менің туған жер, мекенім бұл,
    Арманыма, мақсатқа жетемін бұл.
    Ерланқызы боламын мейірімді,
    Айналамды бақытты ететін бұл.

    Арайлымдай ақ жүзді анашым бар,
    Көңілінде жайма шуақ жаз орнайтын.
    Айғаным қыз мен болам аруыңыз,
    Қазағымның тамырымен бойлайтын...

    Сәттілік қыздар, аруылар жаны-жайсаң,
    Алтын күздің байқауы қызықты өтсін.
    Мықтылардың ішінде ең мықтысы,
    Тұтқасынан ұстасын ұлы көштің.
    Жібек Искакова
  3. пкна6кв
    пкна6кв 20.10.2020 14:59
    3 + 5 -
    таныстыру га өлеңдер таптым рахмет