Жұмекен Нәжімеденов (Екі үйіміз болғанмен бірге өсіп ек екеуміз)
Екі үйіміз болғанмен бірге өсіп ек екеуміз,
екі қамшы ап бір тайға мінгесіп ек екеуміз.
Ертегіден естіген «дәу перінің» күшімен,
бір кеуделі,— ойнаушы ек — екі басты кісі боп.
Екі басты кісі боп бітіріп ек мектепті,
қуа-қуа тірлікті жеті басты боп кеттік.
Кітап жиып қалада кісі болып мен кеттім,
кілем жиып далада кісі болып ол кетті.
Биыл іздеп көріп ем — ұмытыпты, жорта ма,
соңғы модамен тіккен костюмімнен қорқа ма,
Жақындады сақтана ұрып қалар секілді,
ол — мақта да,
мен күйе, жұғып қалар секілді.
Ұғыспақ боп елді айттым — қостамады көріне,
жымиды құр: сен елден не білесің деді ме.
Ұғыспақ боп жырды айттым — қостамады көріне,
жымиды құр: соныңның керегі не деді ме.
Кінәлі емес шығар ол, мен де емеспін,
өкіндім:
айрылыппын бір достан арқасында оқудың.
Енді отырмын, оқушым, мұңымды айтып саған жәй,
бір досымды жоғалтып,
бір досыма сене алмай.

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жұмекен нәжімеденов өлең Екі үйіміз болғанмен бірге өсіп ек екеуміз олен жумекен нажимеденов стихи на казахском, жұмекен нәжімеденов өлеңдері, жумекен нажимеденов стихи на казахском олендери