Ғафу Қайырбеков (Партизандар атымен)
Көктемде жайып көлемін,
Кектей өтіп алапты,
Басып өзен кемерін
Су қаптайтын жан-жақты.
Биыл да сол әдеті
Су бұрқана тасыпты.
Салмақ болып бөгетті,
Халық күрес ашыпты.
«Күш атасын танымас»
Алыпты ел бұғаулап
Көніпті асау бағынбас,
Кете алмапты су аунап.
Бөгет салған сол тұста
Тұратын көп ағашы.
Қаза болған соғыста
Партизандар моласы.
Ел күшімен дөңгелеп
Су тынғанда тартып дем.
Аталыпты сол бөгет
Партизандар атымен.
Жылда толқын шұбалып
Құр пайдасыз кешетін.
Тұр егінді суарып
Ел ырысын шешетін.
Кектей өтіп алапты,
Басып өзен кемерін
Су қаптайтын жан-жақты.
Биыл да сол әдеті
Су бұрқана тасыпты.
Салмақ болып бөгетті,
Халық күрес ашыпты.
«Күш атасын танымас»
Алыпты ел бұғаулап
Көніпті асау бағынбас,
Кете алмапты су аунап.
Бөгет салған сол тұста
Тұратын көп ағашы.
Қаза болған соғыста
Партизандар моласы.
Ел күшімен дөңгелеп
Су тынғанда тартып дем.
Аталыпты сол бөгет
Партизандар атымен.
Жылда толқын шұбалып
Құр пайдасыз кешетін.
Тұр егінді суарып
Ел ырысын шешетін.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ғафу қайырбеков Партизандар атымен стихи өлең гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Партизандар атымен