Асқар Тоқмағамбетов (Майлық пен сулық)
Майлық пен сулық бірге өсті,
Бірде жаңа, бірде ескі.
Болып жүрген байғұстар,
Бір күндері тілдесті.
— Майлық! — деді сулық,
Сөзінде жоқ қулық, —
— Мен ылғи тазамын,
Қалай тозамын ?
Сен болсаң күнде,
Әсіресе түнде,
Майлы сорпаға батып,
Сауыстанып қатып,
Суыққа тоңбайсың,
Дәл мендей болмайсың! —
Дегенде майлық түйіліп,
Ызаланып, күйініп,
Тілдеп алды сулықты:
— Өмірден қалып қойып,
Білмей қапсың қулықты:
Майлық та, сулық та
Бұл уақта,
Қожайынның жеңі,
Тегі...
Ішіп-жемі,
Білінбесін дейді-ау,
Жұрт көзіне ілінбесін дейді-ау...
Қалай соны сезбейсің,
Айыптыны сырттан іздейсің.
Бірде жаңа, бірде ескі.
Болып жүрген байғұстар,
Бір күндері тілдесті.
— Майлық! — деді сулық,
Сөзінде жоқ қулық, —
— Мен ылғи тазамын,
Қалай тозамын ?
Сен болсаң күнде,
Әсіресе түнде,
Майлы сорпаға батып,
Сауыстанып қатып,
Суыққа тоңбайсың,
Дәл мендей болмайсың! —
Дегенде майлық түйіліп,
Ызаланып, күйініп,
Тілдеп алды сулықты:
— Өмірден қалып қойып,
Білмей қапсың қулықты:
Майлық та, сулық та
Бұл уақта,
Қожайынның жеңі,
Тегі...
Ішіп-жемі,
Білінбесін дейді-ау,
Жұрт көзіне ілінбесін дейді-ау...
Қалай соны сезбейсің,
Айыптыны сырттан іздейсің.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: асқар тоқмағамбетов Майлық пен сулық өлең аскар токмагамбетов олен стихи, асқар тоқмағамбетов өлеңдер жинағы, аскар токмагамбетов олендери, аскар токмагамбетов, аскар токмагамбетов