8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Мама)

 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Мама)

Мама, мама –
Жалғандағы жалғыз ән,
Сезімімді оятатын қалғыған
Мүмкін сенің суретіңді құсқа айтып,
Қауырсынмен ай бетіне салғызам.

Мама, мама –
Ең әдемі сөзім бұл,
Ең шуақты, ең бақытты кезім бұл.
Жер шарына мейіріммен қарайтын
Жанарымда сенің сұлу көзің жүр.

Мама, мама –
Жарқыраған күнсің сен,
Аспан, тау да, мөлдір ауа, гүлсің сен
Сәуле болып, баққа айналып Өлеңім
Ғұмырымда бір күлдіріп үлгірсем.

Мама, мама –
Жырақтамын жаныңнан,
Сені көрмей сағыныштан арылман
Жапырақтай Өлеңімді құшамын,
Ол су сынды саусағымнан ағылған.

Мама, мама –
Ренжітсем бір кезде,
Кешіре гөр, бейбақ басым білгем бе?!
Жылағанда анаң, әкең мұңайып,
Шалқитынын болмашы бір күлгенге.

Мама, мама –
Қорғанышым, тірегім,
Жүрегімдегі солмайтұғын гүл едің
О, Жаратқан, жалғыз Аллам, анама
Ұзақ ғұмыр бере гөрші тілегім!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Жансая Аманова
    Жансая Аманова 21.02.2017 19:26
    1 + 0 -
    Керемет өлең рахмет сізге! Қызым 8 наурыз мерекесіне осы өлеңді жаттайды. Алла разы болсын!