Әбділда Тәжібаев (Бар еді бір жылқышы...)
Бар еді бір жылқышы
Танысып ем жайлауда.
Қағушы еді домбыра
Қыз ұзатқан тойларда.
Ағып тұрған әнші еді
Арнап туған сайрауға.
Тоймаушы еді талғанша
Түнде ақсүйек ойнауға.
Қайда екен сол жылқышы?
Әсем еді-ау күлкісі.
Жылқышы бір, жел де бір
Жел қайда деп кім сұрар?
Жүйрікті таңдап мінгеннің
Өзінде ғой ықтияр.
Я бір биік жартаста
Ортекедей тұр шығар,
Я бір жасыл жазықта
Желідей есіп жүр шығар.
Қайда екен сол жылқышы?
Әсем еді-ау күлкісі.
Танысып ем жайлауда.
Қағушы еді домбыра
Қыз ұзатқан тойларда.
Ағып тұрған әнші еді
Арнап туған сайрауға.
Тоймаушы еді талғанша
Түнде ақсүйек ойнауға.
Қайда екен сол жылқышы?
Әсем еді-ау күлкісі.
Жылқышы бір, жел де бір
Жел қайда деп кім сұрар?
Жүйрікті таңдап мінгеннің
Өзінде ғой ықтияр.
Я бір биік жартаста
Ортекедей тұр шығар,
Я бір жасыл жазықта
Желідей есіп жүр шығар.
Қайда екен сол жылқышы?
Әсем еді-ау күлкісі.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әбділда тәжібаев Бар еді бір жылқышы... өлең олен абдильда тажибаев стихи на казахском, әбділда тәжібаев өлеңдері, әбділда тәжібаевтың өлеңдері, әбділда тәжібаев өлеңі, абдильда тажибаев олени, абдильда тажибаев стихи на казахском