Жүрсін Ерман (Екі сурет)
Сұлу көрсем соңынан жүгіретін
Мынау – менің жас күнгі сүгіретім.
Шарап берсең шалқалап сіміретін
Мынау – менің бүгінгі сүгіретім.
Осы менің бүгінгі сүгіретім,
Қарай берме қажыма түріме тым.
Аяғына жем түскен тұғыр құсап
Етегіме болыппын сүрінетін.
Қашан қалай келтірген кім ретін
Көн секілді тартылған сірі бетім.
Күндер қайда жоғалған
Көлге барсам
Қармағыма ақ сазан ілінетін?
Жігіт едім жақсыға жүгінетін,
Жөнім бар-ау жалғаннан түңілетін.
Сындыр барлық айнаны!
Жырт альбомды!
Көрінбесін көзіме сүгіретім...
Сен не деген шеберсің, құдіретім!?
Мынау – менің жас күнгі сүгіретім.
Шарап берсең шалқалап сіміретін
Мынау – менің бүгінгі сүгіретім.
Осы менің бүгінгі сүгіретім,
Қарай берме қажыма түріме тым.
Аяғына жем түскен тұғыр құсап
Етегіме болыппын сүрінетін.
Қашан қалай келтірген кім ретін
Көн секілді тартылған сірі бетім.
Күндер қайда жоғалған
Көлге барсам
Қармағыма ақ сазан ілінетін?
Жігіт едім жақсыға жүгінетін,
Жөнім бар-ау жалғаннан түңілетін.
Сындыр барлық айнаны!
Жырт альбомды!
Көрінбесін көзіме сүгіретім...
Сен не деген шеберсің, құдіретім!?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сурет туралы өлең олен өлеңдер, жүрсін ерман Екі сурет өлеңдері өлеңдер жинағы өлең олен журсин ерман стихи на казахском, жүрсін ерман өлеңдері, жүрсін ерманов өлеңдері, жүрсін ерманның өлеңдер жинағы, жүрсін ерманның өлеңі, журсин ерман стихи на казахском