Гүлнар Салықбай (Өкінді гүлім, өкінді....)
Өкінді гүлім, өкінді –
Бүршігін енді аша алмай.
Кешіккен ұшақ секілді
Ауа райынан аса алмай.
Секемшіл көңіл сыр берер,
Тұрғызар үміт құласаң.
Кешіккен ұшақ бір келер
Күтуге оны шыдасаң...
Сол күннен қайда жүр дерек?..
Жан бар ма оны есіткен?!
Гүлдердің жөні бір бөлек –
Көктемі мәңгі кешіккен.
Қызады нанның күресі,
Сенісер жандар селдіреп.
Көзімнің көркем үлесі
Қарайды маған мөлдіреп.
Бітпеді қызық түс әлі,
Асықпай мен де кетем деп.
Жанымның жалғыз ұшағы
Кешікпей ұшса екен тек.
Бүршігін енді аша алмай.
Кешіккен ұшақ секілді
Ауа райынан аса алмай.
Секемшіл көңіл сыр берер,
Тұрғызар үміт құласаң.
Кешіккен ұшақ бір келер
Күтуге оны шыдасаң...
Сол күннен қайда жүр дерек?..
Жан бар ма оны есіткен?!
Гүлдердің жөні бір бөлек –
Көктемі мәңгі кешіккен.
Қызады нанның күресі,
Сенісер жандар селдіреп.
Көзімнің көркем үлесі
Қарайды маған мөлдіреп.
Бітпеді қызық түс әлі,
Асықпай мен де кетем деп.
Жанымның жалғыз ұшағы
Кешікпей ұшса екен тек.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: гүлнәр салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай Өкінді гүлім өкінді өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском, гүлнар салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай шығармашылығы, гульнар салыкбай гульнар салыкбаева стихи на казахском