Гүлнар Салықбай (Қалыңдар жұқа жанымды құтырып, тепті...)
Қалыңдар жұқа жанымды құтырып, тепті,
Бәрін де көріп, білесің жанарың қалса.
Троллейбустар талайды түкіріп кетті,
Ішінде соның болмадың, амалым қанша...
Соңғы рет күлген көктемнің көздерін аңсап,
Соңынан қайтқан құстардың ермедім жылап.
Өзгеге кетті жастығым, өзгеріп, алшақ,
Соғыста өлген сарбаздай келмедің бірақ.
Күтумен өткен күнімді көп көрдің бе екен,
Атыңды көше әніне қосады күнде.
Тұманды түнде адасып, жоқ болдың ба екен?
Трамвай сенсіз салдырлап, босады мүлде.
Әлде сен мүлде басқасың, арманың бөтен,
Кеудемде бүгін ерекше сезілді бүлік.
Сен бар деп, бекер өзімді алдадым ба екен –
Шынайы өмір барына көзімді жұмып...
Жауабы әсем жастықтың желігі кетті,
Қалыңдар жұқа жанымды соғады күнде.
Өзіңе жетем деуменен өмірім өтті –
Барыңа сенген кездердің обалы кімге,
Әділет?!
Бәрін де көріп, білесің жанарың қалса.
Троллейбустар талайды түкіріп кетті,
Ішінде соның болмадың, амалым қанша...
Соңғы рет күлген көктемнің көздерін аңсап,
Соңынан қайтқан құстардың ермедім жылап.
Өзгеге кетті жастығым, өзгеріп, алшақ,
Соғыста өлген сарбаздай келмедің бірақ.
Күтумен өткен күнімді көп көрдің бе екен,
Атыңды көше әніне қосады күнде.
Тұманды түнде адасып, жоқ болдың ба екен?
Трамвай сенсіз салдырлап, босады мүлде.
Әлде сен мүлде басқасың, арманың бөтен,
Кеудемде бүгін ерекше сезілді бүлік.
Сен бар деп, бекер өзімді алдадым ба екен –
Шынайы өмір барына көзімді жұмып...
Жауабы әсем жастықтың желігі кетті,
Қалыңдар жұқа жанымды соғады күнде.
Өзіңе жетем деуменен өмірім өтті –
Барыңа сенген кездердің обалы кімге,
Әділет?!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: гүлнар салықбай Қалыңдар жұқа жанымды құтырып тепті өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском, гүлнар салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай шығармашылығы, гульнар салыкбай гульнар салыкбаева стихи на казахском