file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Танакөз Толқынқызы (Иығыңа сүйеп едім басымды...)

 Танакөз Толқынқызы (Иығыңа сүйеп едім басымды...)

Иығыңа сүйеп едім басымды,
Бүлік сезім бұрқ етті де басылды...
Тулатпай-ақ қояйықшы жүректі,
Шулатпай-ақ қояйықшы ғасырды!

Иығыңа сүйеп едім басымды,
Жан сарайым хан сарайдай ашылды!
Жүрек сорлы бұлқынысын жасырды,
Кірпіктерім күрсінісін жасырды.

Тазалықты сенен көріп тосылдым!
Адалдыққа болар едің хас үлгі.
Бар әлемнің сатқындығын кешірдім
Иығыңа сүйеген сәт басымды.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Гүлзат Аманкожоева
    0 + 0 -
    Келші курбум отырайык жыр арнап Бизден баска басқалары тыңшыгаар Айкымбілет жүрөктөрү музшыгаар Абалькім арасында баршыгаар Усы калаа тойламаса тойламасын Барболгону даанышмандарга жырарнаса болғаны