file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ақберен Елгезек (Тылсым түс)

 Ақберен Елгезек (Тылсым түс)

Ғарыштан шашылған күйге бір,
Сенімен түсімде биледім.
Аппақ нұр дірілдеп иеді,
Біз тұрған нүктенің жиегін.
Сол бір сәт...шуақты түсімде,
Біз ендік періште пішінге.
Бұйығы бұлттардың ішінде,
Айналдық ақ көбік мүсінге.
О, қандай ғажап түс, киелі,
Ләззаттың отына күйемін!
Санамда мың шуақ түн түрсе,
Жұмбақтар жауабын білемін,
Қос қанат арқаңда сілкінсе,
Ұштарын құмартып сүйемін!
Дір етіп болмысты балқытсын,
Білекке тигенде білегің,
Гүлдердің жұпарын аңқытсын,
Қауызы ашылған жүрегім!
Мұнартып, көрінбей Жер мүлде,
Екеуміз биледік сеңгірде.
«Сүйем» деп тіл қаттың сен бірде,
Күбірлеп не айтты жел Күнге?
Жадымнан өкініш жоғалды,
Бәрі де, бәрі де оңалды.
Түстегі жолыққан сәттерім,
Өмірде өңімдей боп алды...
Ішімнен кеткендей торы мұң,
Сол түсті жақсыға жорыдым.
Түсімнен өңіме өтіп ап,
Қасымнан кетпеші жарығым!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру