Мұқағали Мақатаев (Қызықпа, қыз!)
![Мұқағали Мақатаев (Қызықпа, қыз!)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2015-12/1450428999_maxresdefault.jpg)
Ақын жайлы айтады қызықты аңыз,
Бірақ сен қызықпа, қыз!
Қызықпа, қыз!
Рас-ақ, біздер - патша!
Мұжық та - біз...
Тузік те - біз, түнерген бұзық та біз!
Ақындарға қызықпа,
Қызықпа, қыз!
Шынымен ақын жанын қалайсың ба?
Шыдайсың ба, шынымен талай сынға?
Ақын деген бірде қарт, бірде сәби,
Қартты сыйлап, сәбиге қарайсың ба?
Ілікпе, қыз,
Ақынның тұяғына.
Зымиян да осылар...
Зиялы да.
Бірақ сен қызықпа, қыз!
Қызықпа, қыз!
Рас-ақ, біздер - патша!
Мұжық та - біз...
Тузік те - біз, түнерген бұзық та біз!
Ақындарға қызықпа,
Қызықпа, қыз!
Шынымен ақын жанын қалайсың ба?
Шыдайсың ба, шынымен талай сынға?
Ақын деген бірде қарт, бірде сәби,
Қартты сыйлап, сәбиге қарайсың ба?
Ілікпе, қыз,
Ақынның тұяғына.
Зымиян да осылар...
Зиялы да.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Қызықпа қыз мукагали макатаев олен өлеңі стих, мұқағали мақатаев қыздар туралы өлеңдері, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы