Мәриям Хакімжанова (Депутат)

 Мәриям Хакімжанова (Депутат)

Біз сайлаған депутат,
Өжет жанды, өрт қайрат.
Қызметкері халықтың,
Болжайтұғын алдын ойлап.
Біз сайлаған депутат,
Кетсе - дағы тау құлап.
Тартынбайды жолынан,
Отырмайды тұнжырап.
Біз сайлаған депутат,
Ар - намысын арқалап.
Әділдікпен іс етер,
Алды - артына тең қарап.
Халық үшін қияр жан,
Халық үшін қарулан!
Депутаттың құралы,
Советтік әділ заң

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру