Мәриям Хакімжанова (Сайра,Күләш!)
Сайра, Күләш, сандуғаш,
Сайра "Гәкку" әніңе.
"Тыңдаймын да болам мас,
Тәтті үніңнің нәріне.
Сайра - сайра, тағы да,
Бал тамызған таңдайың.
Тудың анаң бағына,
Күнге карап мандайың.
Зарлап өткен "Қыз Жібек"
Сен арқылы тірілді.
Ақ желегі үлбіреп
Күндік торы түрілді.
Өлі қызға жан берген,
Күй сандығың сыңғырлап.
Сахнаға сән берген,
Салған әнің мың бұрап.
Аспанында Отанның,
"Гәкку" қақты қанатын.
Артисткасы Отанның,
Жастар үлгі алатын.
Сайра, Күләш, бұлбұлым,
Сені тындап тоймаймын.
Саған тарту бұл жырым,
Алар деп қабыл ойлаймын.
Сайра "Гәкку" әніңе.
"Тыңдаймын да болам мас,
Тәтті үніңнің нәріне.
Сайра - сайра, тағы да,
Бал тамызған таңдайың.
Тудың анаң бағына,
Күнге карап мандайың.
Зарлап өткен "Қыз Жібек"
Сен арқылы тірілді.
Ақ желегі үлбіреп
Күндік торы түрілді.
Өлі қызға жан берген,
Күй сандығың сыңғырлап.
Сахнаға сән берген,
Салған әнің мың бұрап.
Аспанында Отанның,
"Гәкку" қақты қанатын.
Артисткасы Отанның,
Жастар үлгі алатын.
Сайра, Күләш, бұлбұлым,
Сені тындап тоймаймын.
Саған тарту бұл жырым,
Алар деп қабыл ойлаймын.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мәриям хакімжанова Сайра Күләш өлең стих сайра куляш мариям хакимжанова олен, мәриям хакімжанова өлеңдері, мариям хакимжанова стихи, мәриям хакімжанова олен мариям хакимжанова стих