Қасым Аманжолов (Көктем)

 Қасым Аманжолов (Көктем)

Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді ертелеп,
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп.
Асау өзен арқырап,
Асқар таудан дүркіреп,
Айдын жатыр жарқырап,
Алды дала бір түлеп.
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
Жауды жаңбыр сіркіреп,
Мейірленіп жерге күн.
Естіп аспан дауысын,
Асыққандай гүл шығып,
Андып бұлттар аңысын,
Колхозды ауыл құлшынып.
Алақанын тұр жайып
Жас ағашта жапырақ,
Балғын өмір ғажайып
Жас дауыспен жамырап.
Еңбек ата жүр елде
Егінжайда ту ұстап,
Қара бұйра кілемге
Алтын шашып уыстап.
Темір тепшіп ер терлеп,
Трактор сүйреп даланы,
Бүгінгіден ертеңге
Алып кетіп барады...
Көктем күйін бастады
Өз өнерін асыра.
Қысты қуып тастады
Асқар таудың басына.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Серикбай Маханов
    0 + 0 -
    ЖҮРЕГІМ – ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН . Сөйлеші тебіреніп дарқан далам , Таныссын тарихыңмен ақын балаң . Елімнің жарық Айдай бостандығын Кезінде аңсап өтті қайран бабам Үңілсемтізбектелген сол жылдарға , Күрсініп ойланамын зар мұңдарға! Шаңдатып талай тұлға ат тұяғын Ойнатып ерік берді ұл – қыздарға . Еркіндік ел бірлігі басын қосқан , Қарашы ерлік барма бұдан асқан . Ғасырлар таңба басып өтіп жатыр Болашақ тіршілігін ақылдасқан . Бабалар өсиеті тілге біткен , Нақыл сөз қазақ болып елге жеткен Даналы тілің болса–үнің шығар Шаттанып,мақтан етіп үлгі еткен . Тынысын тыныстатып қазақ елім , Салтыңа ие болдың тілім – дінім . Бесіктен тербетіліп өскен сәби Кетпесін шұбарланып Ана тілім ? ! Отаным көк жиектен нұрын шашқан Тыныштық бұл өлкеде таңың атқан, Сәулесін жарық күннің төгіп тұрсың Егемен бостандығын армандатқан . Ар-ождан,мейрімділік жасап жатқан, Табиғат заңдылығы қайнап аққан . Кең байтақ менің елім Қазақстан Еңбекпен думандатып жайна атқан. Көк аспан шашыратып жылулығын, Оранды орман-тауым сұлулығын . Кен байлық,еккен егіс жайқалады Қабылдап Күн көзінің қызулығын. Дұшпандар сөзге құмартаңғаламын, Отанын сатқандардан сақтанамын! Елім деп соққылаған жан жүрегім Өмірге өлеңіммен жалғанамын . Жасатып бағдарлама жоспарларын Ер болып қолға алдық жастр жағын. Жарысып достықпенен біз келеміз Биіктеп елу елдің қатарлығын . Сайлады ынтымаққа бір басшылық, Одағы қауіпсіздік Европалық . Мемлекет елу алты мүше оған Орнатып жер бетіне қарусыздық. Дамыды экономика алға бастық , Асқақтап барлық елм қатарластық. Халықтар ел тірегі орасан күш Жүрегім соғып тұрғанҚазақстандық!