Қадыр Мырза Әли (Замана)

 Қадыр Мырза Әли (Замана)

Замана озды,
діндер тозды
адамның ішкі
жындары қозды.

Албасты басқыр
басыңды тасқа ұр,
төгілді абырой
сөгілді дәстүр.

Қиыннан қиын,
түйіннен түйін,
түйіннің бәрін
шешеді тиын.

Білетін жөнді
жақындар өлді
бауырың емес
бауырың енді.

Беделің сатта,
әкімді жақта
өз балаң бүгін
айналды жатқа.

Айтасың несін,
адамдар кесір,
күйеуі тірі
ал әйел - жесір.

Өкінсең өкін,
опынсаң опын
әкесі тірі
ал бала - жетім.

Айнала ұрлық,
заманға кірдік.
Сенбесең сенбе
осындай - ТІРЛІК.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру