Қадыр Мырза Әли (Шындық)

 Қадыр Мырза Әли (Шындық)

Ақындық шығар айыпты,
Әлі білмен себебін.
Өлеңге айтып қойыппын
Өмірдің айтпа дегенін.

Өтірік жырдың қайдағы
Болмайсың жетіп шетіне.
Ақиқат – сөздің қаймағы,
Тұрмайды шықпай бетіне.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Мұқағали Мақатаев
    1 + 0 -
    Үш бақытым

    Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
    Соған берем ойымның алтын кенін.
    Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
    Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

    Ал екінші бақытым – Тілім менің,
    Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
    Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
    Қасиетті тілімнен түңілмедім.

    Бақытым бар үшінші – Отан деген,
    Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
    … Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
    Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

    Түтін түтет,
    Өс, өрбі, көгере бер,
    Немерелер көбейсін, шөберелер.
    Жадыңда ұста :
    Жақсылық күтпегейсің!
    От емес, оқ сұрасаң менен егер!

    Үш бірдей бақытым бар алақанда,
    (Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
    Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
    Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
  2. Мұқағали Мақатаев
    0 + 0 -
    Автограф
    Көрер едің,
    Шаламын ба,отпын ба
    Білер едің,
    Ақынмын ба, жоқпын ба
    Кектендірген хан Жәңгірде жоқ мұнда,,
    Кектенетін Махамбеттің жоқ мұнда.

    Түсінеді ең,
    Езбін бе әлде ермін бе
    Байқар едің,
    Артықтық ба ,кеммін бе
    Мен Спартак болалмадым не шара,
    Сенің өзін Цезарь болып көрдің бе.

    Сырым да осы,
    Жырымда осы,
    Алдыңда.
    Байқашы бір,
    Бықсыдым ба ,жаңдым ба
    - Махандар жоқ
    Махандардың сарқыты,
    Мұқали Мақатаев бар мұнда