Ұлы махаббат

 Ұлы махаббат

"Aтам Бабай мен апам Торшатай 63 жыл қара шаңырақта бірге тұрып, өмірдің бар ауыртпашылығын көрді. 2011 жылы апа 82 жасында ауырып көз жұмды. Содан бері атамда апамды сағынып жылап отырады. Дұғасын бағыштап бірге болған кездегі әр қилы оқиғаларды бізге айтып отыратын."

Ұлылық кішіліктен басталмақ тұр,
Махаббат, ғадауатқа басыңды бұр.
Атамен бар өмірін ұштастырған,
Апам міне таудай боп көрде жатыр.

8 бала немере, шөберелер,
Одан әрі шөпшекті көргенсіңдер.
Сексенің екісінде көз жұмдың сен,
Жалғыздық- ауырлығын кімдер білген.

Сыңар аққу зарлайды, жыламсырап,
Армандап әндер айтып бұрынғыдан.
Торшекең данышпаның данышпаны!
Дегенен ешуақытта жалықпаған.

Бүгін барды басына ол апманың,
Тізерлеп тізе бүгіп жылап жатыр.
Таусылмай ыстық сезім махаббаты,
Қайғыға жалғыздықпен мұңға батты.

Алпыс үш жыл құдай қосқан қосығын,
Әр жерлерде әніне ол қосатын.
Торшатайдың ақ бейнесі кетпейді,
Қашан болсын, қалай болсын тосатын.

Соғыстада бірге болды айрылмай,
Өмір деген жүргізбейді қайғырмай.
Бір-ақ күнде апамыздан айрылып,
Бар арманы сол бір күні қалғандай.

Жарасып-ақ жүріп еді екеуі,
Қалды міне жыламсырап біреуі.
Жалғыз аққу күнде жылап алады,
Жоққой енді жары менен тіреуі.


Автор: Ерболат

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру