Қызғанамын!
Шабытпен көңілімнен жырақтаған,
Мен әлі өзің жайлы жыр ақтарам.
Сезімің сен сыйлаған сөнер емес,
Мұң болып жүрегіме тұрақтаған.
Сені ойлап жас боп ақты көзден өлең,
Мен мұндай махаббатты көздемеп ем.
Сенімен бақыт таңын көрмесем де,
Жете алам ол бақытқа өзгеменен.
Сені ойлап серік қылдым құса-мұңды,
Білмедім мұң көгінде ұшарымды.
Өзің деп мол қасірет шексем де мен,
Ашар ем, сен оралсаң кұшағымды.
Сүйсініп суретіңе жүз қарадым,
Сезбейсің жүрегімнің сыздағанын.
Жарқыным, мәңгі мендік болмасаң да,
Мен сені өзгелерден ҚЫЗҒАНАМЫН!
Мен әлі өзің жайлы жыр ақтарам.
Сезімің сен сыйлаған сөнер емес,
Мұң болып жүрегіме тұрақтаған.
Сені ойлап жас боп ақты көзден өлең,
Мен мұндай махаббатты көздемеп ем.
Сенімен бақыт таңын көрмесем де,
Жете алам ол бақытқа өзгеменен.
Сені ойлап серік қылдым құса-мұңды,
Білмедім мұң көгінде ұшарымды.
Өзің деп мол қасірет шексем де мен,
Ашар ем, сен оралсаң кұшағымды.
Сүйсініп суретіңе жүз қарадым,
Сезбейсің жүрегімнің сыздағанын.
Жарқыным, мәңгі мендік болмасаң да,
Мен сені өзгелерден ҚЫЗҒАНАМЫН!
(с) Алтынбек Әділбек
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қызғаныш туралы өлеңдер, қызғаныш туралы өлең, махаббат туралы өлеңдер, махаббат туралы өлең, махаббат туралы өлеңдер қыздарға, махаббат туралы өлеңдер қызға, қыздарға арналған өлең жолдары, қыздарға өлең жолдары, кызганыш туралы