Сейсем ата


Айтамын далам сырын ақтарылған,
Қырынан жота-жота шатқалынан.
Сейсем ата қорымы сыр шертеді,
Тылсым терең тарихтың қатпарынан.

Сан ғасыр ішін тартып жатқан қорым,
Сан ғасыр Ел қасыретін тартқан қорым.
Ұрпақтан ұрпақтарға жалғастырып,
Заманның тылсым сырын артқан қорым.

Көсілген дархан далам төсінде өскен,
Талайдың туған жері кіндік кескен.
Қыйсайған құлпы тастан күреңіткен,
Тарих ізін көремін көкей тескен.

Құлпытаста жазулар сырын ашқан,
Ата-баба аруағы нұрын шашқан.
Желеп жебеп жататын әрдайымды,
Ұрпақтарын бұл күнде ізін басқан.

Бұл жерден батырда өткен, ақында өткен,
Заман жүгін көтерген Ерлерде өткен.
Жерімді жауға тастап кетпеймін деп,
Киелі кең даламда қанын төккен.

Ер Төлеп, Шотан батыр, Сүйін қара,
Ер Қонай, Есен Сейіт, Есекмерген,
Соғыста ерлігімен шыққан дара.
Жан алып, жан беріскен сан ғасырлар,
Кетерме Ел есінен түскен жара.

Сейсем ата ескінің жәдігері,
Сейсемге жерленіпті Ердің Ері.
Сан ғасыр өтсе дағы ескірмейтін,
Тарихтың бір парағы содан бері.

Маңғазым Маңғыстауым киелі Елім,
Сейсем ата жатқан жер - туған жерім.
Ұрпағың басыңа кеп тәу етеді,
Ақтайтын Бабалардың маңдай терін.








Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу