Шерқала


Шерқала

Шерқала жатыр аспанменен таласқан,
Шерқала жатыр керуендерге жол ашқан.
Шерқала жатыр тылсым дүние тарих ол,
Кең даламның қырларына жарасқан.

Ұлы жібек жолы сенен өтіпті,
Сенің терең сырыңа кім жетіпті.
Дұшпандардың шабуылынан қорғаған,
Шерқаланы Жошы бекініс етіпті.

Талайларға пана болған Шерқала,
Оған жалғыз куә болған кең дала.
Талайлардың сенде қалған сүйегі,
Арқалаған тарих мұңын Шерқала.

Түрікмен-Қазақ соғысының куәсі,
Алынбайтын бекініс болған расы.
Шың басыңа шығып алып жатыпты,
Түрікмендерің қашып жүріп қыр асып.

Берілмеген неше айлар жатсада,
Қазақтар кеп жан-жағынан атсада.
Ортасынан құдық қазып су ішіп,
Жата берген қанша азап тартсада.

Аңдыған жау алмай қоймас қашанда,
Қуғыншылар ойланып сыр ашарға.
Төмен жақтан үңгір қазып іздепті,
Бұның сырын, қалайша айла жасарға.

Шыңырауға кезігіпті сонда олар,
Түрікмендердің құдығы екен су алар.
Судың көзін тас бекітіп тастапты,
Түрікмендер,-деп, сусыз қалып қор болар.

Тау етегі үңгір әлі сақталған,
Адайлардың жауы осылай жанышталған.
Шерқалының сұсты көне тарихы,
Ел аузында дәл осылай хатталған.
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу