Мен Кіммін?


Мен кіммін? кіммін өзі өмірде,
Білгің келіп тұрған болар сеніңде.
Мен жайғана ұлы болам Қазақтың,
Сын келтірмес өле-өлгенше сенімге.
Өзгені ұқыпайм өз елімде ұлтан боп,
Шама келсе самғап көрем көгіңде.
Батыр болып көрмесемде найза алып,
Ақын болып шалқып жүрмін елімде.
Жырыма арқау.....
Күнде айда, бабам басқан жерімде.
2003 тұылыппын шыр етіп,
Желтоқсанның бел ортасы кезінде.
Өсіріпті мені осылай отбасым,
Жүректе түк, от болсын деп сөзінде.

Мен кіммін? мен құйынмын боранды,
Елемейтін ойлы шұңқыр тоғанды.
Аралайтын ойы- менен  барлығын,
Қырды ойды тауды және когалды.

Мен кіммін? Мен жаңбырмын нөсерлі,
Шамаң келсе тоқтатып көр нөсерді.
Өткінші емес ұзақ жауам бастасам,
Тама тама тамшы тасты тесерді.

Мен кіммін? Жолаушымын жолдағы,
Сәтті сапар әр бір адам жолдады.
Қырандайын көз салатын тауларға,
Сол таулармен ұштасатын ойлары.

Мен кіммін? Бір Алланың құлымын,
Мұхаммедтің үмбетінің бірі мін.
Ұлы Абайдың қара сөзі жазылған,
Мұқағали Мақатаев жырымын.

Мен кіммін? Сірә ағаш бұтағы деп айтарсыз,
Өсеберер шама келсе шаршаусыз.
Әмір келсе үзілетін шыбықтан,
Жапырақпын, жапырақпын қауқарсыз.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу