Жеңіс туралы өлеңдер авторымен. 9 мамыр

Жеңіс туралы өлеңдер авторымен. 9 мамыр

Құрметті оқырмандар. 9 мамырда Жеңіс күні болады, соған орай шығарылған ақындардың авторлық бірқатар  өлеңдерін ұсынамыз.

Жеңіс жыры

Өрт лаулап, бұрқырап қорғасын,
Шеңгелін қанды ажал жайғанда,
Ойрандап жауыздың ордасын,
Болдық біз найзағай майданда!

Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!

Бел шешіп, қабағын ашпаған,
Бой жазды күлімдеп қалың ел.
Әлемді апаттан сақтаған,
Жеңіспен оралды жауынгер!

Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!

Жеңісім – салтанат, сән-сәулет,
Өмірім өркендей береді.
Жеңісім – береке, бақ-дәулет,
Осы ғой адамға керегі.

Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!

Автор: Ж.Өмірбеков



Намысынан халқының жаратылған 


Көзінде отты жасын бар,
Сан жырлар оны жаңа ұрпақ.
Келешек,
Ұлы ғасырлар
Баукеңе қарар таңырқап! 

Жеңілден безіп әманда,
Үлесін алған ауырдан,
Күрделі біздің заманға
Ұқсайды
Қайсар Бауыржан!

Аялап оны алыста
Тербеген дала бесігі.
Бауыржан болып
Соғыста
Жарқ етті
Қазақ есімі! 

Өрт кешкен отты жылдарда
Шынығып өсті өр тұлға.
Сүйеу боп
Сұрапылдарда
Даласы тұрды артында. 

Аға боп майдан өрінде
Сан ұлттың ұлын баураған,
Жүргенде Ол туған жерінде
Жеңілмес Антей – аумаған. 

Жауына тізе бүккен бе,
Ел үшін шығып жекпе-жек,
Өмірді сүйгендіктен бе
Өлімге барған...
Бетпе-бет! 

Болса да бірі жалпының
Көрмеді оған дарып оқ!
Өзінің туған халқының
Қалды Ол –
Аппақ ары боп! 

Ақиқат естен танары –
Жүрегі жаудың шайлыққан.
Қадалса шоқты жанары
Ажал да...
Одан қаймыққан. 

Ыза-кек өртеп өзегін
Майданда жалын құшқанда,
Шын сүйгендіктен өз елін
Қаһарлы болды дұшпанға. 

Жықпастан туын Елдіктің
Жеткіз деп келер таңдарға
Тапсырды:
Өрлік,
Ерлікті –
Болашақ Бауыржандарға!

Автор: Қайрат Жұмағалиев

 


Қажетті сілтемелер:



Жайқалтқан бұл жер үстін,
Келді міне жеңіс күн.
Сол жеңістің арқасы,
Басын шалдық көп істің.

Кетсе дағы көп есем,
Жұртым аман,ел есен.
20 миллион аз емес,
Нөлдері көп демесең.

Желбіреп жеңіс жалауы,
Алаулап жанып алауы.
Қазағым бүгін азат ел,
Қуанышты бұл жаңалық.

Азаттық сыйлап жаңа күн,
Армандап келген сан ғасыр.
Бұл жеңіс оңай келген жоқ,
Жан беріскен,жан алып.

Азаттық үшін шайқаста,
Жауынгерлер жаралы.
Қаншама мына қазаққа,
Жеңіс күнін сыйлады.

Автор: Гүлсана Тілеубекова


Ұлы Отан соғысы туралы авторлары бар өлеңдерді ұсынамыз!

Таң атады, күн батады, 
Қара жерде айналар. 
Қатал тағдыр тіл қатады, 
Көкіректі қайғы алар.
 
Бақыт сенің қолдарында, 
Күндер келер арайлы. 
Жүріп өткен жолдарында, 
Өсек қардай борайды.
 
Қанаттылар барады ұшып,
Уақыт шіркін зырлайды.
Қара түнде қара мысық,
Көкіректі тырнайды.
 
Іштен тынды-ау талай дана, 
Қос ішектей септесер,
Жер басарсың қалай ғана,
Қадіріңе жетпесе ел.
 
Пана болмай кеңселер,
Қалды сонау жолымда.
Бес-алты ауыз ел сенер 
Сөз қалсын деп соңымда.
 
Мен де жүрмін мұрат қып,
Ойшылдайын толғанып. 
Жазықсызды жылаттық,
Жетесізден қорғанып.
 
Адамның жоқ жаманы,
Басқың келсе дауды егер.
Жүріп тұрған заманы,
Алшандайды саудагер.
 
Жолатпады қасына,
Балға батқан бармағы.
Іс түскенде басыма,
Бір досым да қалмады.
 
Әурелеме босқа елес,
Құдай мені қысқанға.
Опасыз сол досқа емес,
Ыразымын дұшпанға.
 
Құлын байлап, қозы алған, 
Бұрынғы ауыл... 
ойланам.
Жаратылдым тозаңнан,
Топыраққа айналам.
 
Өткізе алмай қор ғып жүрген өмірін, 
Біреулерге жібімейді көңілім. 
Бес-алты ауыз сөз қалсын деп соңымда, 
Мұңаятын, түсінетін мені кім.
 
Бұрынғылар бір күні өтсе жылаған,
Аспан жақтан тек шапағат сұраған.
Мына жұрттың пиғылдарын ұға алмай,
Қалқаманда сандалып жүр бұл ағаң.
 
Тәуекел деп кеше дастан бастап ем,
Бүгін мұңлы мазалады басқа өлең.
Алматы жақ абыр-сабыр неліктен,
Жаутаңдайды аң-таң болып Қаскелең.
 
Әр уақытта бергендер аз, алған көп 
Соның көбі, ел есінде қалған жоқ.
Кешегі өткен туған дала қарттары,
Here айтты екен бұл өмірді жалған деп.
 
Бүгінгілер...
 тірлік қамы, 
бас қамы, 
Асқақ-асқақ армандарды тастады. 
Театрдың жәудірейді жанары,
Туған жердің түнеріп тұр аспаны.
 
Шыққан күнмен шуақ болдым шашылдым,
Атқан таңмен қырда гүл боп ашылдым. 
Жүрегімді ауыртады мұңдары,
Қалып бара жатқан ата ғасырдың.
 
Мен кеткенде калар екен жар кіммен,
Қалар екен таңғы шықтай ар кіммен?
Аналардың көздерінде бармын мен,
Ағалардың сөздерінде бармын мен.
 
Теңіз каңсып, жоғалғанмен тоғандар,
Халық қалар, өзгергенмен қоғамдар. 
Бұрын өмір сүріп көрген жоқ ем мен,
Өкпелетсем кешіріңдер, Адамдар!
 
Ана қайғы, жар қайғы, бала қайғы.
Мансап қайғы, бақ қайғы, дала қайғы.
Азамат боп қайғыра алмасаңыз, 
Ішіңдегі шеменің тарамайды.
 
Қайдағы ойлар көңілге балалайды,
Жанымды кеміргенде қара қайғы.
Алпыс екі тамырда зыр жүгіріп,
Өн бойымды қан болып аралайды.
 
Ары таза ақын деп қарамайды,
Нақақ жара жанымды жаралайды.
Бар білерім кімдердің кім екенін,
Уақыт патша сұрыптап саралайды.
 
Жүрегім қаншама рет қақ бөлінген,
Оны оқып сезерсің дәптерімнен.
Дәптер ғана емес, ол мұрам менің,
Хабар берер мұңайған сәттерімнен.
 
Қара өлеңмен астасқан қара қайғы,
Қан боп қатқан көңілден тарамайды
Қазақ аман тұрғанда асқақ жырым,
Есімімді аспанда даралайды.
 
Бейіттерге қонды тағы кептерлер,
Кептерлерім, алысқа ұшып кетпеңдер. 
Төмпешіктер деп қарама жай ғана,
Бұның бәрі кеше өмірден өткендер,
 
Айналайын кептерлер.
Мәңгілікке осында орын тепкендер. 
Тылсым сырды сезгендей ме кептерлер.
Кептерлерге мұң шаққандай көрінді,
 
Алуан адам талай келіп-кеткен жер.
Бейіттерді аяқ асты етпендер,
Моншақ көзді үрікпейді кептерлер.
Дәм-тұз бітсе біз де барар орын ғой,
 
Бал өмірді қимай-қимай өткендер.
Сан айналар шыр көбелек көк пен жер. 
Біздер әлі кездесеміз, кетпеңдер.
Бұл бейітте жатыр жақсы адамдар.
 
Қоштасайық, қош болындар, кептерлер. 
Қоштастым мен жанарымнан жас парлап,
Дүние-дәурен, басымыздан қашқан бақ, 
Бейіт қорып жүрген нәзік құстарым,
Бірте-бірте бара жатты аспандап.
Автор: Қасымхан Бегманов

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу